Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Сенбі, 09 қараша, 05:07

15 мыңға жуық азамат заңсыз жүр – Оңтүстік Корея билігі Қазақстанға талап қойды

14.10.2024

868

0

Оңтүстік Корея билігі елдерінде заңсыз жүрген 15 мыңға жуық Қазақстан азаматын елге қайтару туралы талап қойып отыр. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлім етті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министрдің мәліметінше, мемлекеттік органдар жауапты ведомство дайындаған келісімшартты мақұлдап, құжат Оңтүстік Кореяға Сыртқы істер министрлігі арқылы жіберілген. Қазіргі таңда бұл құжат Кореяда қарастырылып жатыр. 

«Осы жазда Корея президенті келген кезде екі елдің еңбек министрліктері меморандумға қол қойды, соның негізінде қазіргі уақытта құжаттармен алмасу процесі жүріп жатыр. Біздің вице-министр осы жұмыс бойынша Кореяға барып келді. Оңтүстік Корея біздің мемлекетке үш талап қойып отыр. Біріншісі – Кореядағы елшілікте жұмыс туралы атташе лауазымын енгізу. Екіншіден – 15 мыңға жуық біздің азамат ол жақта заңсыз жүр, сол азаматтарды елге шақырыңдар деп талап қойып отыр. Үшінші талабы – қазақстандықтар Корея Республикасына жұмыс істеуге барарда халықаралық сертификаттау рәсімдерінен өтуі керек. Біз үш өңірде орталықтарды даярлап қойдық. Айта кету керек, барлық талабын орындадық, енді күту ғана қалды», – деді Светлана Жақыпова Мәжіліс кулуарында.

Министр Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүрген 15 мың қазақстандықты елге қайтару жұмыстарымен Ішкі істер министрлігі айналысып жатқанын айтты.

«Егер олар қазір әуежайға келіп, билет сатып алса, оларға ешқандай әкімшілік-құқықтық міндеттемелер қойылмайды. Олар бір мерзімге келмей, қалып қойса, құқықтық міндеттемелерді атқарады», – деді министр. 

Оңтүстік Кореяда қазақстандықтар саны жылдан жылға өсіп келеді. Олар негізінен жұмыс істеу, оқу, кәсіпкерлік немесе туризм мақсатында бұл елге көшіп барады. Қазақстандықтардың ең көп таралған қызмет салалары — құрылыс, ауыл шаруашылығы, өндіріс және қызмет көрсету. Сондай-ақ Корея университеттерінде білім алып жүрген студенттер де көп.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: