Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

18°C

, Бейсенбі, 02 мамыр, 08:04

24 тамызға арналған ауа райы болжамы

24.08.2023

189

0

Қазгидромет ауа райына байланысты бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, 24 тамызда Астанада найзағай жарқылдайды. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Алматыда жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте 24-25 тамызда төтенше өрт қаупі бар. 24 тамызда күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Өрт қаупі әлі де жоғары. Ақмола облысында күн күркірейді. Түнде батыста, солтүстікте, күндіз орталықта, облыстың шығысында қатты жаңбыр жауады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстікке ауысады, екпіні – 15-20 м/с. Облыстың батысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл соғады. 24-26 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: