Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

32°C

, Жұма, 03 мамыр, 14:29

25 тамызға арналған ауа райы болжамы

25.08.2023

248

0

Қазгидромет ауа райына байланысты еліміздің 17 өңірінде ескерту жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, 25 тамызда Алматыда күндіз 35 градусқа дейін қатты ыстық болады. Өрт қаупі әлі де жоғары. Абай облысының орталығында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында бұршақ жауады. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні – 25 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Өрт қаупі әлі де жоғары. Семейде найзағай жарқылдайды. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні – 15-20 м/с. Өрт қаупі жоғары. Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел түнде және таңертең солтүстікке, облыстың шығысына ауысады, екпіні – 15-20 м/с. Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігі мен батысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні – 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде күндіз найзағай жарқылдайды.

Қызылорда облысында күндіз батыста, облыс орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші –15-20 м/с. Ауданның басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: