Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

1°C

, Бейсенбі, 05 желтоқсан, 21:25

5 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

05.09.2023

4364

0

 Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Тек еліміздің батысы мен оңтүстігінде ауа райы көбіне жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Республика бойынша найзағай, екпінді жел, бұршақ жауады. Оолтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман болады.

«Жамбыл облысында, Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде өрт қаупі бар, Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде жоғарғы өрт қаупі күтіледі», – деп жазды синоптиктер.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: