Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Сәрсенбі, 16 қазан, 08:31

АЭС: Халықтық штаб Қаракеткен ауылының тұрғындарымен кездесті

17.09.2024

349

0

Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі Жалағаш аудандық Халықтық штабының төрағасы Елеусінов Өмірзақ және штаб мүшелері Шілдебаев Бейбітжан, Ахметжамиев Асхат және Әбдісаттарұлы Жангелді Қаракеткен ауылының тұрғындарымен кездесті. Келелі кездесуде АЭС-тің болашағы мен оның тиімділігі талқыланды.
Бүгінгі таңда Қазақстанда атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласында 17,9 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Сонымен қатар, Қазақстанда екі ірі ғылыми-зерттеу ұйымы бар: Қазақстан Республикасының Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталығы және Алматыдағы Ядролық физика институты, олар атом электр станцияларын құру процесін ғылыми-техникалық қамтамасыз ету қызметін атқарады. Атом электр станцияларын тиімді басқаруға және оларға техникалық қызмет көрсетуде кадр тапшылығы мәселесі болмайды деуге негіз бар – деді аудандық Халықтық штаб төрағасы Елеусінов Өмірзақ.


Атом электр станцияларының құрылысы аймақтардың әлеуметтік экономикалық жағдайы мен өмір сүру сапасына оның ішінде: энергетикалық және өнеркәсіптік өндірісті әртараптандыру, заманауи технологияларды енгізу, қоршаған ортаға зиянды заттардың шығарындыларын азайту арқылы экологиялық жүктемені азайту, жаңа жұмыс орындарының пайда болуымен айтарлықтай әсер етуі мүмкін – деді Бейбітжан Шілдебаев.
Ал кездесу соңында ауыл тұрғындары АЭС салуды қолдау бойынша оң пікірлерін айтып, қолдауға ниетті екендіктерін білдірді.
#АЭСүшін

АЭСтаңдаймыз

АЭСРеферендум

Референдум2024

ХалықтықШтаб

АЭСбізге

БізгеАЭСкерек

ҚазақстанғаҚуатБер

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: