Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Жұма, 19 сәуiр, 23:58

Ардагерлеріміз – ардақтыларымыз

21.06.2022

288

0

Ардагерлерді құрметтеу – баршамыздың парасатты парызымыз. Бүгінгі күнге жеткеніміз, бақытты да баянды болашақты құруға атсалысқан – сол аға ұрпақтың, ардагерлеріміздің арқасы.

“Ардагерлеріміздің, аға ұрпақ өкілдеріміздің еңбегін айтып жеткізу қиын. Ардагерлеріміздің жастық шақтары Ұлы Отан соғысының сұрапыл кезеңімен қатар келді. Бүлінген шаруашылықтарды қалпына келтірді, күйзелген елдің еңсесін қайта тіктеді, өз иықтарына түскен ауыртпалықтың бәрін абыроймен жеңе білді”- деген болатын. Сондықтан да, оларға деген ыстық ықылас пен құрмет, алғыс ешқашан толастамайды, керісінше «тау алыстаған сайын биіктей түседі» демекші, уақыт өткен сайын еселене бермек.

«AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында партияның аудандық филиалының «Таң ауылдық округі» БПҰ-да іс-шара болып өтті. Аталған іс-шара ауыл ардагері, күміс алқа Ілтелеуова Балмекен әжейге қол көмек жұмыстары ұйымдастырылды. Негізгі мақсат – ардагерлерді үлкен кісілерге әрдайым қол ұшын созу, олардан өнегелі тәлім тәрбие алу және сала ардагерлерін кеңінен насихаттау.


Осындай игі бастаманы ұйымдастырған «AMANAT» партиясының мүшелеріне ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: