Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:58

Архив қорындағы құжаттарды сақтау тәртібі

07.12.2023

517

0

Сақтау мерзімдері көрсетіле отырып Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі, оның ішінде: облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелер жергілікті және басқа да соттардың қызметінде жасалатын құжаттар тізбесі Қазақстан республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 08.06.2023 жылғы 6001-23-7-4/129 өкімімен бекітілді.

Тізбе оның ішінде құпия ақпараты бар істер (нарядтар) мен құжаттардың сақталу мерзімін анықтау, оларды сақтауға іріктеу және жоюға бөлу үшін негізгі нормативтік құжат болып табылады.

Тізбе істерді (нарядтарды) қалыптастырған, Істер номенклатурасын дайындаған, құжаттар жіктегішін әзірлеген, тұрақты сақталудағы істердің (нарядтардың) жиынтық тізімін және жеке құрам бойынша істердің тізімін, сақталуға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы актілерді жасаған кезде, сондай-ақ ұйым (мекеме) сараптамалық комиссияларының жұмыс практикасында пайдаланылады.

Понятие «архив» между теорией и практикой

Осы Тізбеде белгіленген құжаттарды сақтау мерзімдерін азайтуға және тиісті кезең үшін тұрақты сақталудағы істер тізімін тиісті мемлекеттік мұрағат мекемесінің алдын ала бекітуінсіз құжаттарды жоюға тыйым салынады.

Тізбе функционалдық қағида бойынша жасалған және ұйым (мекеме) қызметінің негізгі бағыттарын көрсететін бөлімдерді қамтиды.

Тізбедегі тармақтарға бірыңғай толассыз нөмірлеу берілген (1-баған). 2-бағанда істер (нарядтар) мен құжаттар түрлерінің атаулары келтірілген.

Құжаттардың сақталу мерзімдері Тізбеде мынадай бес топ бойынша сараланады:

      1) Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты (3-баған);

      2) облыстық және оған теңестірілген соттар (4-баған);

      3) аудандық және оған теңестірілген соттар (5-баған);

4) Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі(6-баған);

      5) Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің  облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы департаменттері»  РММ (7-баған).

Неке бұзу туралы азаматтық істердің сақтау мерзімі жаңа тізбе бойынша 327-1 тармағында сақтау мерзімі 10 жыл деп толықтырылған.

01.07.2021 жылы Қазақстан Республикасының Әкімшілік-рәсімдік-процестік кодексі қабылданды. Бұл кодекс мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін, олардың қатынастарын реттейді.

Қабылданған тізбеде осы Әкімшілік-рәсімдік-процестік кодексі бойынша қаралған істердің, құжаттардың сақтау мерзімі бекітілген.

Б.Исағабылов

Аудандық соттың бас маманы Заңгерлер Одағының мүшесі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: