Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

19°C

, Бейсенбі, 25 сәуiр, 19:17

Ауылға жұмысқа барған дәрігерлер мен мұғалімдерге 345 мың теңге жәрдемақы төленеді

05.05.2023

798

0

Сондай-ақ, оларға берілетін кредит мөлшері де айқындалды.

Ұлттық экономика министрлігі ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін баратын түрлі сала өкілдеріне берілетін жәрдемақы мен несие мөлшерін белгіледі. Бұйрық жобасы Ашық НҚА порталында қоғам талқысына ұсынылған.

Оған сәйкес, көтерме жәрдемақы 100 АЕК мөлшеріне (345 мың теңге) тең.

Ал тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін 1500 АЕК-тен аспайтын мөлшерде (5 175 000 теңге) бюджеттік кредит беріледі.

Мұндай мемлекеттік қолауға келесі сала қызметкерлері ие болады:

  • денсаулық сақтау;
  • білім беру;
  • әлеуметтік қамсыздандыру;
  • мәдениет;
  • спорт;
  • агроөнеркәсіптік кешен мамандары;
  • ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: