Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

13°C

, Дүйсенбі, 20 мамыр, 04:06

Балалар мен әйелдерге арналған шұғыл қоңырау «111» нөмірі пайда болды

04.09.2023

818

0

Елімізде отбасы мүшелеріне, балалар мен әйелдерге арналған шұғыл қоңырау нөмірі пайда болды. Енді қиын жағдайда қалған тұрғындар осы номерге тегін хабарласып, көмек ала алады. 

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт сөндіру, авариялық-құтқару және басқа да қызметтер тізбесіне толықтырулар дайындады.

Бұл нөмір барлық қазақстандықтарға ақпараттық-анықтамалық, ұйымдастырушылық сипаттағы тегін байланыс қызметтерін, сондай-ақ психологиялық көмек көрсетуді, азаматтардың заңды құқықтарын қорғайтын барлық мәселелер бойынша бастапқы кеңес беруді қамтамасыз етеді.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық, балалар құқығының бұзылуы, баланың көшеде, үйде жалғыз қалып қалуы секілді түрлі жағдайға тап болған, қиын өмірлік жағдайға тап болған балалар мен ересектер, отбасы мүшелері осы нөмірге хабарласа алады.  

Бұрын бұл нөмір «Аманат» партиясының жанынан жұмыс істесе, қазір 101, 102, 103 және т.б. нөмірлермен бірге мемлекеттік төтенше жағдайлар қызметінің бірыңғай тізіміне енді.

Stan.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: