Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Сәрсенбі, 22 мамыр, 19:41

Балалар жылына орай мемлекеттік сыйлық тағайындалды

05.10.2022

154637

0

Umai ұлттық сыйлығының аясында Балалар жылына орай «Үздік балалар спектаклі» сыйлығы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орталық коммуникациялар қызметінде «Umai-2022» сыйлығының шарттарын таныстырған ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов арнайы өнер номинациясы тағайындалғанын айтты.

«Хореографиялық өнер» бойынша «Үздік би ұжымы», «Балеттегі үздік орындаушы», «Үздік хореограф», «Үздік балет спектаклі» аталымдарына арнайы жүлде тағайындап отырмыз. Келесі бір номинациямыз – «Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер» номинациясы. Бұл жерде «Үздік сәндік-қолданбалы өнер туындысы» үшін және «Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер» аталымы бойынша екі сыйлық көркем сурет, графика, сондай-ақ заманауи өнердегі жұмыстарға беріледі.

Жалпы «Umai-2022» сыйлығы аясында Балалар жылына орайластырылған «Үздік балалар спектаклі үшін» номинациясын қойып отырмыз. Бұл жерде жүлде қорымыз әр номинация бойынша 2 млн теңгеден басталып, 6 млн теңгеге дейін белгіленген», – деді вице-министр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: