Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

29°C

, Дүйсенбі, 13 мамыр, 19:22

Балалық шақ ойындары

09.06.2023

532

0

Ұлттық ойындар тәрбиелік мәнімен қоса ой-санасының жетілуіне зор ықпал ететіні сөзсіз. Бүгін партияның «Ұлттық мұра» жобасы аясында бастауыш партия ұйымдарының нысаналы трансферт есебінен «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы мен «Жастар» БПҰ-ның ұйымдастыруымен партияның аудандық филиалына қарасты бастауыш партия ұйымдары арасында «Балалық шақ ойындары» тақырыбында сайыс өтті. Осы орайда ұйымдастырылған сайыс барысында жарысқа қатысушылар шеберліктері мен икемділіктерін ортаға салды.


Шараның негізгі мақсаты – бастауыш партия ұйымдары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық ойын түрлерін дамыту, лагерь тынығушыларына жазғы демалысты тиімді ұйымдастыру мен қатар ұлттық ойындарды дәріптеу, партияластар арасында қарым-қатынасты нығайту сонымен қатар, белсенділіктерін арттыру болып табылады.


Сайысты алдымен «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева ашып беріп, сайыстың мән-мағынасы, ұйымдастырудағы мақсатына тоқталып, барша қатысушыларға сәттілігін тіледі.


Бүгінгі сайыстың ережелері, өткізілетін спорт түрлері бойынша «Наркескен» спорт клубының нұсқаушысы, бас төреші Әбжаппарова Алтыншаш түсіндіріп өтті.


«Жәмби», «Шоқпарласу», «Ләңғі тебу», «Үш орындық», «Арқан тартыс», және «Ортаға түспек» ойындары бойынша өзара 7 бастауыш партия ұйымының командалары сынға түсті.
Сайыс қорытындысы бойынша «Намысшыл команда» номинациясымен «Халыққа қызмет» БПҰ-ның «Халыққа қызмет» командасы марапатталды. Бұл команданың ерекшелігі БПҰ төрағасы Анар Құрманалиева өзі бастап қатысты. «Рухты команда» номинациясымен «АгроХолдинг» БПҰ-ның «АгроХолдинг» командасы, «Ұйымшыл команда» номинациясымен «Мәдени мұра» БПҰ-ның «Мәдени мұра» командасы иеленді. Жүлделі III орынға «Денсаулық» БПҰ-ның «Денсаулық» командасы мен «Дарын» БПҰ-ның «Дарын командасы алды. Кезекті ІІ орынға «ЖИАК Энергетик» БПҰ-ның «Сұңқар» командасы тұрақталды. Бүгінгі сайыста бағы мен бабы қатар шапқан «Даму» БПҰ «Даму» командасы І орынды жеңіп алды.


Сайыс жеңімпаздарын «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева бағалы сыйлықтармен марапаттап, партияның «Алғыс» хаттарын табыс етті. Сонымен қатар, сайыстың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан «Жастар», «Дарын» бастауыш партия ұйымдарына, «Наркескен» спорт клубына өз алғысын жеткізді.


Сайыс барша қатысушылар бұл спорт түрінің денсаулыққа пайдасы зор екенін айтып, алдағы уақытта дәстүрге айналдыруды ұсынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: