Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

27°C

, Дүйсенбі, 17 маусым, 03:46

Білім гранттарына құжат қабылдау басталады

10.07.2023

501

0

13-20 шілде аралығында мемлекеттік грант конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау науқаны өтеді. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

ҰБТ тапсырған талапкерлер өтініштерін EGov арқылы онлайн форматта немесе ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта тапсыра алады.

Айта кетсек, университеттерде виртуалды қабылдау комиссиясы құрылады. Құжаттарды қабылдау кез келген ЖОО (орналасқан жері бойынша) арқылы жүзеге асырылады.

«Тағы бір маңызды ақпарат, биыл бакалавриатқа түсу үшін 73 мың грант бөлініп отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша барлық гранттың 60%-ы техникалық мамандықтарға бөлінді. «Серпін» бағдарламасы арқылы түсушілерге 3 653 грант бөлінген. Сонымен қатар биыл халық тығыз қоныстанған батыс және жаңадан құрылған өңірлердің жастары үшін гранттар бөлінді», деді Қуаныш Ерғалиев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: