Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-3°C

, Сенбі, 07 желтоқсан, 17:06

Бір ай бойы күнде зімбір жесеңіз, ағзада не болады?

08.09.2023

373

0

Жалпы зімбірдің пайдалы екенін көпшілік біледі. Бірақ оның ағзаға қаншалықты әсер ететінін бәрі біле бермейді. Дұрыс тамақтануды қолға алған адамдар әдетте рационын жемістермен және көкөністермен байытады да, зімбір жайлы ұмытып кетеді. Бір ай бойы күнде зімбір жесеңіз, ағзада қандай өзгерістер болуы мүмкін?

Бұл өсімдікті баяғыда түрлі ауруларды емдеу үшін медицинада кеңінен қолданған. Зімбірді жүйелі түрде жесеңіз, ол қандай ауруларға ем болады?

Асқазан-ішек жолы жағдайы жақсарады

Зімбір құрамындағы зингиберен оның ерекше дәміне жауп береді. Бұл зат асқорытуға өте пайдалы. Зингиберен ферменттеу процесін табиғи ынталандырады. Зімбір сондай-ақ ішқату проблемаларын жояды.

Жүрек айну кетеді

Зімбір құрамындағы гингерол жүрек айну және құсу секілді белгілермен күреседі. Зімбірді күнде жесеңіз, жүрек айнуыңыз кетуі керек.

Холестерин деңгейі түседі

Зімбір диабетке қарсы әсерге ие және «жаман» холестерин деңгейін түсіреді.

Ағзадағы қабыну жылдамырақ кетеді

Гингерол сондай-ақ ісінген буындарды азайтуға және басқа да қабынулармен күресуге көмектеседі. Сол үшін де зімбір қабынуға қарсы әсерімен танымал.

Бұлшықет ауыруын азайтады

Зімбірдің құрамында шогаол деген зат бар. Бұл зат ауырсынуды басатын әсер ие және қатерлі ісік, жүрек ауруларымен күресуде пайдаланылады. Оны күнде қолдану қол-аяқтағы ауырсынуды біртіндеп жеңілдетеді.

Етеккір кезіндегі ауырсынуды азайтады

Зімбір етеккір кезіндегі ауырсынуды басуға көмектесетін дәріні алмастыра алады.

Иммунитетті көтереді

Зімбірдің қабынуға қарсы әсері иммунды жүйеге де әсер етіп, оны қатайтады. Сондықтан тұмау мерзімінде зімбір және лимон қосылған шай ішу ұсынылады.

Күніне қанша зімбір жеуге болады?

Күніне зімбірдің ұзындығы 1,5 см болатын бөлігі жарайды. Оны ұсақтап турап, тамаққа немесе смузилерге қосуға болады. Сондай-ақ оны шайға қосып ішуге болады.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: