Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

15°C

, Бейсенбі, 10 қазан, 19:31

Бірреттік зейнетақы төлемін алу жолы жеңілдетілді

04.02.2021

555

0

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан бірретік төлем алу жолдары жеңілдетілді. Бұл туралы «Отбасы банкінің» басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлім етті, деп хабарлайды.

«20 күннің ішінде, тіпті одан ертерек www.enpf-otbasy.kz порталында сіздің тұрғын үй жағдайыңызды жақсартуға деген арманыңызға бастар жолды жеңілдете түсетін қызмет енгізіледі», – деп жазды ол Facebook-парақшасында.

· Мәселен пәтер сатып алу немесе займды өтеуге арналған құжаттарды жүктегенге дейін бірреттік зейнетақы төлемін алған соң оған туысыңыз берген қаражатты қосу мүмкіндігі беріледі. Бұл, әсіресе бірреттік зейнетақы төлемін алғаннан кейін үлкен сомаға жылжымайтын мүлік сатып алуды жоспарланғандар үшін ыңғайлы.

Яғни, қосымша түймешік пайда болады.

· Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан сіздің арнаулы есепшотыңызға ақша түскен соң бірреттік зейнетақы төлемін пайдалану мақсатын енді өзгертуге немесе түзетуге болады.

Яғни,пайдалану мақсатын өзгерту түймешегі енгізіледі.

· Сонымен қатар зейнетақы төлемі арнаулы есепшотқа түсіп қойған болса, онда сіз өтініміңізді жоя аласыз. Демек, қаражатыңыз 45 тәулікті күтпестен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтарылады.

Яғни, өтінімді жою немесе БЖЗҚ-ға қайтару түймешегі енгізіледі.

«Бұдан бөлек, арнаулы есепшотқа ақша түсудің алғашқы үш күнінде көпшілік ақшаның түскен, түспегендігін қарай алмай шатасып жатты. Сондықтан бүгіннен бастап клиенттерге ақшаның арнаулы есепшотқа түскені туралы сүйінші жаңалық әкелетін СМС жіберіледі.

Сондай-ақ, Отбасы банкіндегі займды жартылай мерзімінен бұрын өтеу бойынша қосымша келісімге қол қою қызметі жүзеге асырылатын болады. Барлық құжатты интернет банкингте қол қоясыз», – деді Ләззат Ибрагимова.

ҚазАқпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: