Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-0°C

, Жұма, 06 желтоқсан, 18:36

Тағам қауіпсіздігі басты назарда

01.11.2023

653

0

Көктем, жаз айларында тамақтан улану жиі тіркеледі. Тамақтан, яғни астан улану тағам арқылы берілетін этиологиясы саналуан кеселдер тобына жатады. Тамақтан улану – табиғаты микробты және микробсыз болып бөлінетін, ластанған тағамдарды қолдану салдарынан пайда болатын, қарым- қатынас арқылы жұқпайтын ауру.

Азық-түлікпен улану немесе тамақтан улану – сапасыз өнімдерді пайдаланудан болатын ауыр жағдай. Тамақтан улануға мерзімі өткен сүт өнімдері, нитраттары көп тағам өнімдері, жабық консервілер бірден бір себеп. Тамақтан улану кезінде іш ауырады, жүрек айнуы, құсу, іш өту, денеде әлсіздік болады.

Иә, қазіргі уақытта адам кез келген жерден улануы мүмкін. Мысалы, белгісіз құрамды еттен дайындалған фаст-фуд тағамдары, салаттар, бәліштер және шаурма микроорганизмдердің ортасы саналады. Нақтырақ айтсақ, тамақ токсикоинфекциясы, яғни тағамнан улану микроорганизмдеріне стрептококтар, стафилококтар, ботулизам бактериялары, шигеллалар, сальмонеллалар жатады.

Тамақтан улануды болдырмау үшін біз тамақтану гигиенасының, тағамды сақтау мен дайындаудың қарапайым ережелерін орындауымыз қажет.

Жеке-жеке тоқталатын болсам, жеке гигиена ережелерін сақтау, қолды жиі жуу, әсіресе қоғамдық орындар мен дәретханаға барғаннан кейін, тамақ дайындау кезінде бір рет қолданылатын резинка қолғаптарды пайдалану, ас үй ыдысын, үстелдің бетін, раковинаны, тақтайшаларды арнайы құралдармен жуу және таза ұстау, тамаққа қолданылатын өнімдерді өңдеу және сақтаудың барлық ережелерін сақтауды естен шығармау маңызды. Сондай-ақ өнімдерді жәндіктер мен кеміргіштерден қорғап, азық-түлік ашық жерде, еденде сақталмауы тиіс, өнімдерді ауаның түсуінен барынша оқшаулап, ыдысты қақпақпен жауып, ыдыс-аяқ пленкасымен жабылуы қажет, қоқыс шелегін дезинфекциялау құралдарымен өңдеп, оны қақпақпен жауып, қоқыстан жиі босату керек және ұсақ туралған ет пен балықты суда ерітуге болмайды.

Тамақтан уланудың алдын алу, олардың салдарымен күрескеннен гөрі, тамақ сатып алудан бастап тамақтанғанға дейінгі барлық кезеңдерде алдын алу шараларын сақтау, тамақтан улануға жол бермейді.

Сәуле Жұманова,

ҚР ДСМ СЭБК «ҰСО» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының Жалағаш аудандық бөлімшесінің санитариялық-эпидемиологиялық қызмет дәрігері

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: