Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

19°C

, Сенбі, 04 мамыр, 05:32

Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер МӘМС жүйесінде сақтандырылған

22.11.2023

631

0

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңның 26-бабына сәйкес жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, баланы (балаларды) үш жасқа толғанға дейін тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі) МӘМС жарналарын мемлекет төлейтін азаматтардың жеңілдетілген санатына кіреді. Бұл тұлғалар мемлекет есебінен сақтандырылған және МӘМС пакетінде көрсетілетін медициналық қызметтерге қол жеткізе алады. 

Алайда, кейде азаматтардың бұл санаттары сақтандырылмаған болып шығады. Өзекті сұрақтарға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов жауап берді.

Жүкті әйел жұмыс істемесе, МӘМС жарнасын төлеу керек пе және қанша төлейді? Бала туылғаннан кейін қалай болады? 

Егер жүкті әйел жұмыс істемесе және бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлемесе, онда ол МӘМС жарналарын мемлекет төлейтін азаматтардың жеңілдікті санатына кіре алады. Ол үшін тіркелген жері бойынша өз емханасына жүгініп, жүктілігі бойынша есепке тұруы қажет. 
Егер әйелдің МӘМС мәртебесі «сақтандырылмаған» болса, онда ол аймақтық дәрігер мен акушер арқылы есепке тұра алады. Босанғаннан кейін бұл әйел үш жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтіндер үшін басқа жеңілдікті санатқа кіреді және де мемлекет есебінен сақтандырылатын болады.

Егер жұмыс істемейтін жүкті әйел жеңілдікті мәртебе бергеннен кейін БЖТ төлеген болса, онда ол қайтадан жеңілдікті мәртебеге қалай ие болады?

Шұғыл жоспарлы медициналық көмек қажет болған жағдайда дербес төлеуші ретінде өткізіп алған айлар үшін МӘМС жарнасын төлеу қажет (2023 жылы – 3500 теңге). Немесе жеңілдік мәртебесін алу үшін 2 ай күту керек. Содан кейін МӘМС жүйесіндегі жеңілдік мәртебесі міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар төленген күннен бастап 2 айдан кейін автоматты түрде беріледі.

Егер жұмыс істемейтін жүкті әйел ресми жұмысқа шыққысы келсе, МӘМС жүйесіндегі мәртебе өзгере ме?

Бұл жеңілдік санаты жұмыс істемейтін әйелдерге ғана беріледі. Егер сіз жұмыс жасасаңыз, МӘМС төлемдерін сіз үшін жұмыс беруші төлейді. Жұмыс берушілердің жұмыскерлер үшін аударымдары 3% – ы құрайды, аударымдардың ең жоғары сомасы 21 000 теңгеден аспауы тиіс. Бұл 10 айлық есептік көрсеткішінің 3% – і болып саналады. Сондай-ақ, сіздің жалақы деңгейіңіздің 2% мөлшерінде жарналар ұсталады. Жарнаның ең жоғары сомасы 14 000 теңгені құрайды. Бұл 10 айлық есептік көрсеткішінің 2% – і болып саналады.

Декреттік демалыстағы әйел жеке кәсіпкер болса, МӘМС үшін төлем жасауы керек пе? 

Егер әйел жеке кәсіпкер болса, онда ол өзі үшін 4 900 теңге (2023 ж.) мөлшерінде белгіленген жарнаны төлейді. Бұл санаттағы әйелдер жеңілдік санатына кәсіпкерлік немесе еңбек қызметін жүзеге асырмайтын, табысы жоқ кезде кіреді. 
Егер жеке кәсіпкер жұмыс жасамаса (кірісі болмаса), онда салық органдарында кәсіпкерлігін тоқтата тұру үшін тиісті рәсімдерді жүргізу қажет.

Өзбекстан азаматы, Қазақстанда тұруға ықтиярхаты жоқ, бірақ «Қандас» мәртебесі бар. Бұл науқасты емханаға тіркеп, жүкті әйелдердің регистріне қоса аламыз ба? 

Егер «Қандас» мәртебесін дәлелдейтін құжаттар болса, онда пациент кепілдендірілген медициналық көмек пен міндетті медициналық сақтандыру тізіміне енгізілген барлық медициналық қызметтерді (сақтандыру мәртебесі болған жағдайда) алуға құқылы. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелуге құқылы. Жүктілікке тіркелуге және жеңілдік санатындағы «жұмыс істемейтін жүкті әйел» мәртебесіне жүгінуге құқылы (қажет болған жағдайда).

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: