Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-3°C

, Сейсенбі, 11 ақпан, 08:01

«Дикий Арман» 20 жылға сотталды

27.01.2025

371

0

Сот 2022 жылғы қаңтар оқиғасы бойынша «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевке үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz

Іс Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралды. Сот Арман Жұмагелдиевті 20 жылға бас бостандығынан айырды.

Еске салайық, 2024 жылдың ақпан айында «Дикий Арман» ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері Алматы мен Шымкентте ұсталған еді. 

2023 жылдың қыркүйегінде тергеушілер «Дикий Арман» деген атпен белгілі криминалдық топ Арман Жұмагелдиев пен Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергеннің ісін сотқа тапсырғанын жазған едік. 

Оларға билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны (ҚК-нің 362-бабы), ұйымдасқан қылмыстық топты құрғаны, оған басшылық жасағаны және оған қатысқаны (ҚК-нің 262-бабы), тонағаны (ҚК-нің 191-бабы), заңсыз бас бостандығынан айырғаны (ҚК-нің 126-бабы), 2022 жылғы қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны және оған қатысқаны (ҚК-нің 272-бабы), бандитизм (ҚК 268-бабы) үшін айып тағылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: