«Қазгидромет» РМК-сы шілденің 18-і күнгі күн райы болжамын жариялады.
Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, ертең атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның солтүстік жартысында күн құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста түнде тұман түсі, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұраы.
Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында және орталығында күн жауын-шашынсыз болады.
Қызылорда облысының оңтүстік жартысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!