Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

13°C

, Дүйсенбі, 20 мамыр, 03:21

Елдегі төменгі табыс деңгейі көтеріледі

04.09.2023

410

0

Кешегі Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты дәстүрлі Жолдауында ел экономикасын дамытуға қатысты нақты мақсат-міндеттер айтылды. Ел экономикасының жоғарылауы түптеп келгенде сол елдегі әлеуметтік жағдайға келіп тірелері анық. Әрине, бұл жолда әлеуметтің әлеуетін көтеру, елдің даму динамикасын жоғарылату, халықтың күнкөріс деңгейін арттырудың маңызы зор.
Ел Президенті қашанда халықтың әл-ауқатын көтеруге баса мән беріп келеді. Кешегі саяси құжатында да ел экономикасын жоғарылатудың бірден-бір жолы қазақстандықтардың табысын арттыру екенін жасырмады.
«Біз бұған дейін уәде бергеніміздей, үкімет ең төменгі жалақы мөлшерін біртіндеп өсіре береді. Азаматтардың табысын арттыру үшін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге көтеруді тапсырамын» деген Мемлекет басшысы еңбекақының ең төменгі мөлшері үш жыл ішінде екі есе көбейгенін атап өтті.
Иә, Мемлекет басшысы бұл шара 1 миллион 800 мың адамның, оның ішінде бюджет саласында еңбек ететін 350 мың азаматтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізетінін атап өтті. Жалпы, еңбек нарығын жан-жақты дамыту үшін үкімет қысқа мерзімде 2030 жылға дейінгі кешенді жоспарды бекітуі керектігі де сөз болды. Бұл тұста жаңа экономикалық саясаттың қағидалары мен басымдықтарын нақты айқындаумен қатар, алдағы реформаларды сапалы әрі толық жүзеге асыру өте маңызды. Оның табысты болуы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігіне, жауапкершілігіне және саяси ерік-жігеріне тікелей байланысты екені тағы бар.
Қысқасы, кешегі Жолдау алда үлкен өзгеріс күтіп тұрғанынан хабардар етті. Ендеше әрқайсысымыз осы қоғамның бір мүшесі ретінде ертеңгі күнімізге сеніммен қарауға, елімізді өркениетке бастайтын байыпты бастамаларға қолдау білдіруге тиіспіз деп ойлаймын.

Имамзада Шағыртаев

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: