Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

15°C

, Сейсенбі, 16 сәуiр, 06:19

Елімізде жыл сайын 13 мың жол-көлік оқиғасы тіркеледі – Марат Ахметжанов

04.10.2022

232

0

Үкімет отырысында ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Қазақстан жолдарындағы қауіпсіздік туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

– Жыл сайын елімізде 13 мың жол-көлік оқиғасы болады. Онда 2 мыңнан астам адам қаза тауып, 18 мыңнан астам адам жарақат алуда. Жалпы 2019 жылдан бері, әсіресе, пандемия кезінде жол апаты динамикасы төмендеді. Бірақ шектеулер мен блок-бекеттер алынғаннан кейін бұл көрсеткіштер өсіп жатыр, – деді министр.

Биылғы сегіз айда жол-көлік оқиғасы – 14%-ға (8 307-ден 9 429-ға дейін), қаза тапқандар – 18%-ға (1 258-ден 1 478-ге дейін), жарақат алғандар – 13%-ға (10 947-ден 12 394-ке дейін) көбейген. Сондай-ақ Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында жол апаты деңгейі жоғары.

– Барлық жол апаттарының 56%-ы, жарақат алғандардың 55%-ы және қаза тапқандардың 41%–ы дәл осы өңірлерде тіркелген, – деп атап өтті Марат Ахметжанов. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: