Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

4°C

, Сәрсенбі, 16 қазан, 02:16

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетеді

13.02.2024

355

0

Ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиев өз орнын босататынын мәлімдеді. Ол Қазақстан құрамасынан кейін  Ресей клубтарын басқару ықтималдығын жоққа шығармады, деп жазады Zhalagash-zharshysy.kz sports.kz-ке сілтеме жасап.

Магомед Адиев футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының тізгінін 2022 жылдың сәуір айында ұстаған еді. 2 жылға жуық ұлттық құраманы жаттықтырған бапкер, бұған дейін Ресейдің «Ахмат», «Анжи»  және тағы басқа клубтарымен жұмыс істеген. 

«Маған ресейлік клубтардан ұсыныстар болды, қазір де ұсыныстар тоқтаған жоқ. Бірақ мен Қазақстан құрамасымен бастаған циклді  аяқтауым керек. Алдағы шешуші ойындарға атсалысамын, нәтижесінде нақты шешімге келемін. 

Әрине, жақын арада Ресейге оралуым мүмкін екенін мойындаймын. Бірақ ол жақта қызмет ету менің арманым деп те айта алмаймын. Мен қай кезде де нақты әрекет етемін. Қазір Қазақстан құрамасында барлық ойыншыға толық көңілім толады. Бұл команда маған көп нәрсе берді, мен де оларға бірдеңе бере алдым деп үміттенемін. Қазіргі уақытта бар ойым алдағы ойындарда», деді М.Адиев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: