Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

6°C

, Сәрсенбі, 16 қазан, 09:03

Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқару комитетінің жұмыс жоспары бекітілді

18.09.2024

199

0

Астанада Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және бақылаушы ел ретінде қатысып отырған Қырғызстан делегацияларының қатысуымен Халықаралық Аралды құтқару Қоры Басқармасының отырысы өтіп жатыр. Отырыс барысында Қазақстанның төрағалығы кезінде Халықаралық Аралды құтқару Қоры Атқару комитетінің жұмыс жоспары бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Аталған жоспар құрылтайшы мемлекеттердің басшылары мен ХАҚҚ Президентінің тапсырмаларын іске асыруды, Қордың ұйымдық құрылымы мен шарттық-құқықтық базасын жетілдіруді, халықаралық ынтымақтастықты нығайту мен кеңейтуді, ХАҚҚ атқару комитетінің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіруді, табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі ақпараттық, талдамалық және үгіт жұмыстарын, өңірлік және халықаралық іс-шараларды ұйымдастыруды, өткізуді және оларға қатысуды қамтиды.

Сондай-ақ жоспарда екі ауқымды жобаны одан әрі іске асыру көзделген. Бұл – Арал теңізі бассейні елдеріне көмек көрсету жөніндегі іс-қимыл бағдарламасы, оның шеңберінде өңірде 35 жоба іске асырылып жатыр. Бұдан бөлек, Қор Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан кіретін Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясына және ХАҚҚ орнықты даму жөніндегі мемлекетаралық комиссияға белсенді түрде жәрдемдесуге ниетті.

«Өздеріңіз білетіндей, бүгінгі таңда Президентіміз Халықаралық Аралды құтқару Қорының басшысы болып сайланды. Қордың төрағасы ретінде біздің елімізге үлкен жауапкершілік жүктелген және Біз Орталық Азияның басқа мемлекеттерімен тығыз қарым-қатынаста боламыз. Біз бірлесіп Арал теңізін сақтау бойынша елеулі нәтижелерге қол жеткіздік және осы бағыттағы жұмысты әрі қарай жалғастыруға ниеттіміз», деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: