Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Дүйсенбі, 14 қазан, 01:11

Халықтық штаб мүшелері  Казпочта аудандық филиалының қызметкерлерімен кездесті

19.09.2024

259

0

Бүгін АЭС-ті қолдау жөніндегі аудандық Халықтық штаб өкілдері С.Оспанова,Х.Асқарова,Ж.Әбсаттарұлы КАЗПОЧТА АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ қызметкерлерімен кездесу өткізіп, Штаб мүшелері Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың дәстүрлі Жолдауын және АЭС салу мәселесінің маңызы туралы ашық әңгімелесу үшін арнайы келгендерін атап өтті. Сонымен қатар, жиын барысында атом электр станциясын салудың маңызы мен артықшылығы талқыланып, штаб мүшелері АЭС елімізге не үшін қажет екенін, энергия қуаты тапшылығы мәселесін жоюда қаншалықты тиімді екенін түсіндірді.


«Бүгінгі таңда еліміздегі электр қуатының тапшылығы Ресейден келетін 1 миллиард киловатт-сағат көлеміндегі ағынмен жабылып отыр. Жыл сайын елімізде электр қуатын тұтыну көрсеткіші арта береді. Ал қазіргі жұмыс істеп тұрған станциялардың оған шамасы келмейді. Сондықтан энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізу үшін бізге таза, тұрақты және сарқылмайтын энергия көзі қажет», – С.Оспанова .
«Елімізде электр қуатының тапшылығы еліміздің оңтүстік аймақтарында көбірек байқалуда. Ал бұл мәселе уақтылы шешіліп, электр энергиясының жаңа көздері енгізілмесе тапшылық жыл сайын өсе бермек. Осы ретте, Мемлекет басшысының атом электр стансасын салу бастамасы экономикалык тұрғыдан ең тиімді шешім болып отыр», – деді Х.Асқарова.
Штаб мүшелерінен ақпарат алған азаматтар өздерінің пікірлерін ортаға салып, АЭС салуға оң көзқарастарын білдіруде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: