Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

29°C

, Сәрсенбі, 29 сәуiр, 15:48

Экономика салаларына жасанды интеллектті енгізу мәселесі қаралды

28.04.2026

3

0

Бүгін Үкімет отырысынан кейін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Күн тәртібінде экономика салаларына жасанды интеллектіні енгізу мәселесі қаралды. Оған аудан әкімі Ардақ Ибраимов селекторлық режим арқылы қатысты.

Аймақ басшысының төрағалығымен өткен жиыннан соң аудан әкімі күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша мәжіліс өткізді.

Жиында аудан әкімі Ардақ Ибраимов цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

Сонымен қатар, инвестициялық жобаларды іске асыру, бюджет қаражатының мақсатты әрі тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету, жол бойындағы нысандар мен жол белгілерінің жай-күйін бақылау және тазалық жұмыстарын күнделікті қадағалауды ескертті.

Сондай-ақ, жиында вегетациялық кезеңнің кедергісіз өтуін қамтамасыз ету, егінді әртараптандыру және ауыл шаруашылығына цифрлық технологияларды кеңінен енгізу мәселелері қаралды.

Жиын қорытындысымен жауапты сала басшыларына нақты міндеттер жүктеліп, хаттамалық тапсырмалар берілді.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: