Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Сейсенбі, 12 қараша, 17:44

Киіктің нақты саны жарияланды

18.09.2023

270

0

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстандағы киік санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Орман шаруашылығы және жануаралар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Андрей Кимнің айтуынша, көктемгі санақ кезінде киіктің жалпы саны 1 миллион 915 мыңға жеткен.

«Болжам бойынша осы жылдың соңында төлдеу кезеңінен кейін киік саны шамамен 2,6 миллионға дейін өседі», – деді Ким орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Осы орайда комитет басшысының орынбасары киіктің көбеюі жайылым жерлер үшін бәсекелестікті күшейтіп отырғанын ерекше атап өтті. Егістікті де таптап кетіп жатады.

Биыл ауыл шаруашылығы министрлігі шетелдік сарапшылардың қатысуымен арнайы жиын өткізді. Шетелдіктер киік жүретін жерді аралап көрді.

«Халықаралық сарапшылардың ойынша, біздің елімізде киік саны тұрақты тұтынушылық және тұтынушылық емес мақсатта пайдалануға болатын деңгейге жетті», – деп атап өтті Ким.

Айта кетері, 1999 жылы киіктің күрт азаюына байланысты 2024 жылға дейін атуға тыйым салынған болатын. Тек ғылыми мақсатта пайдалануға рұқсат берілген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: