Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

19°C

, Жұма, 26 сәуiр, 10:46

Көпбалалы отбасылар мен жетім балалар: Жылдық 2 пайызбен ипотека алуға мүмкіндігі бар қазақстандықтардың жаңа санаты аталды

03.10.2022

2851

0

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстанның тұрғын үй саясатына қатысты жаңа тәсілдер айтылды. Атап айтқанда, тұрғын үйге аса мұқтаж және жеңілдетілген ипотекалық несие алуға қабілетті азаматтардың ең осал санаттары анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі

Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес осындай төрт санат аталды. Олар:

Көпбалалы отбасылар;

I және II топтағы мүгедектер;

мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар;

жетім балалар.

Осы санаттағы азаматтардың барлығы «Отбасы» банкі арқылы 2 пайызбен ипотекаға құжат тапсырса, кезекте тұрған қалған азаматтар 5 пайызбен несие ала алады. Бастапқы жарна табыс пен тіркеу күніне байланысты 20 жылға дейінгі несие мерзімінің 10% құрайды. 

«І және ІІ топтағы мүгедектер төрт жылдан бері бізге хат жазып, министрлікке, жеке маған «Бақытты отбасы» бағдарламасына қосылуды сұрап келеді. Бұл шешімзді біз әділ деп есептейміз, өйткені олардың қосымша табыс алу мүмкіндігі аз. Сол себепті де соңғы өзгерістердің ішінде «Шаңырақ» бағдарламасына толық емес отбасылар, ал «Бақытты отбасы» бағдарламасына мүгедек азаматтар енді», – деп түсіндірді «Отбасы Банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: