Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-1°C

, Сәрсенбі, 19 ақпан, 04:44

«Күміс домбыра» Сыр елінде

27.01.2025

258

0

Шымкент қаласында өткен республикалық «Күміс домбыра-2024» атты жас ақындар айтысында сырбойылық Бексұлтан Орынбасар топ жарып, күміс домбыра иегері атанды.

– Айтыс өте тартысты өтті. Екі күнге созылған өнер бәйгесінде елімізден 16 ақын бақ сынады. Бірінші күні 8 ақын іріктелді. Екінші күні үш айналымнан 4 ақын оза шығып, финалға дейін жеттік. Айтысқа бір ай дайындалдым, нәтижесінде бәрі ойымдағыдай болып, жеңіске жеттім. Сыр еліне «Алтын домбырадан» кейін «Күміс домбыра» келе жатыр, – деді Бексұлтан Орынбасар.

Республикалық деңгейде ұйымдастырылған бұл айтыс өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелейді. Сондай-ақ, қазақтың төл өнері мемлекеттің мерейін арттырары сөзсіз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: