Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек биыл да магистратураға түсуге арналған екінші мүмкіндік берілетінін айтты, – деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz тілшісі.
Биыл бұл қазан мен қараша айларында өтеді.
«Достар, егер сіз магистратураға түсуге өтініш беріп үлгермесеңіз немесе оқуға түсе алмасаңыз, үмітіңізді үзбеңіз. Сізде үстіміздегі жылы біліміңізді жалғастыруға әлі мүмкіндігіңіз бар. Сізге жоғары білім алу және мансаптық өсу үшін жаңа мүмкіндік тағы беріледі. Биылғы 25 қазан мен 10 қараша аралығында магистратураға түсу конкурсына қайта қатыса аласыз. Сондықтан өз күшіңізді қайта сынап, қабылдау сынақтарына дайындалуға және біліміңізді көрсетуге мүмкіндігіңіз болады. Барлық қиындықты жеңе алатыныңызды және магистратура білім беру грантының иегері атануыңызға лайық екеніңізді дәлелдей аласыз. Конкурс кезеңдері мен талаптары, құжатты рәсімдеу ережелері және өтініш беру мерзімдері туралы толық ақпарат министрліктің ресми сайтында жарияланады. Өз мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз», – деп жазды министр.
Еске салайық, бұған дейін магистратура бойынша мемлекеттік білім гранты иегерлері тізімі шыққаны хабарланған еді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!