Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Сейсенбі, 27 ақпан, 17:54

Министр мен олардың орынбасарларының айлығы қанша?

12.02.2024

307

0

Үкіметте бел жазбай еңбек етіп жүрген министрлер мен олардың орынбасарлары қанша жалақы алатыны мәлім болды. Бірақ өткен жылы Смайлов басқарған Үкіметтегі ақ жағалылардың айлық жалақысының бір бөлігін инфляция жеп қойыпты, – деп жазады Dalanews.kz.  

DATA HUB Телеграм арнасының мәліметінше, 2023 жылы министрлер мен олардың орынбасарларының орташа жалақысы шамамен 1,4 миллион теңгені құраған. Бұл қарапайым халық үшін өте қомақты ақша.

Өткен жылы мұндай қомақты айлықты Үкімет үйінде еңбек етіп жүрген 334 лауазымды тұлға алған.

Осылайша Үкіметтің кулуарындағы орташа айлық 1 362 532 теңгені құрады.

2022 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш номиналды түрде 7%-ға өскенін байқауға болады. Ал көрсетілген кезеңде инфляция деңгейі бұдан біршама жоғары болып, шенділердің айлығының біршамасын инфляция жеп қойған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: