Ұлттық банк филиалдарында 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1 000 теңгелік банкноттарды айырбастау кезеңі аяқталады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2021 жылы 3 наурызда 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1 000 теңгелік банкноттарды айырбастау кезеңінің аяқталатынын еске салады.
«2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттарды айырбастау 2017 жылдың 2 наурызында басталды, енді ол 2021 жылдың 3 наурызына дейін жалғасады. Көрсетілген мерзімнен кейін Ұлттық банктің филиалдары аталған банкноттарды қабылдау мен айырбастауды тоқтатады», – делінген хабарламада.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!