Кей адамдар адал тапқан ақшасын өзінің жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға жұмсауға қорқады. Неліктен олар ақшаны өзіне қимайды және бұл проблеманы қалай жеңуге болады?
Балалық кезден бастап ақшаның болуы – қажеттілік екенін түсінеміз. Бірақ оны алу үшін көп еңбек ету, еркіндікті шектеу және көңіл көтеруден бас тарту керегі қорқытады.
Оған қоса, жасөспірім кезде ата-анаңыздан «көп ақшаны адал еңбекпен табу мүмкін емес», «тұрақты кіріс үшін үздіксіз жұмыс істеу керек», «ақша бар жерде проблема да болады» дегенді жиі естіген болуыңыз мүмкін. Сол үшін санаңыз бұл нанымдарды сақтап қалған. Ақшаны өзіңізге жұмсаудан қорыққаннан арылу үшін осы нанымдардан құтылу керек және ақшаға деген көзқарасыңызды өзгерту қажет.
Өзіңізді лайық емес санайсыз
Күні бойы және кейде тіпті демалыссыз жұмыс жасаса да, ақшаны өзіне құртқысы келмейтін, соның ішінде өзін лайықсыз санайтындар бар. Олар туыстарына көмектескенді, қымбат сыйлықтар алғанды және жалпы бірінші кезекте басқалардың жағдайын ойлауды жөн көреді. Мұндай адамдарға басқалардың (мысалы, жігітінің) қамқорлығын қабылдау да қиынға соғады.
Егер бұл жағдай сізге таныс болса, өміріңізге өзгеріс енгізуге асығыңыз. Сізге өз-өзіңізді бағалаумен жұмыс істеу керек және өзіңізді сынауды доғару қажет.
Әрдайым өз таңдауыңызға сенімсіздікпен қарайсыз
Жаңа нәрсе сатып аларда күмәнданасыз. Әркез жаңа нәрсе сатып алғаннан кейін одан арзанырақ, әдемірек немесе ыңғайлырақ түрін табуға болатынын ойлайсыз. Яғни, адам өзінің қажеттіліктерін дұрыс түсінбейді.
Басқалардың қалауын өзіңіздікінен жоғары қоясыз
Басқалардың қалауын өзіңіздікінен жоғары қоюға әртүрлі нәрсе себеп болуы мүмкін. Мысалы, сіз құтқарушы синдромымен қиналасыз: өз қызығушылықтарыңызды ысырып қойып, басқаларға көмектесуге тырысасыз.
Бұл проблемаға ана болу қуанышына кенелген әйелдер жиі шалдығады. Олар балалары мен күйеуінің қызығушылықтары мен қалауларын өзінікінен жоғары қояды. Өз қалауыңызды құрметтеп үйрену үшін алдымен одан ұялуды доғару керек.
Бюджетіңізді басқаруды білмейсіз
Кей адамдар кірістері мен шығындарына есеп жүргізбейді, соның себебінен бюджетін басқара алмайды. Ақшаны үнемдеу үшін оны өзіне жұмсаудан бас тартады.
Бюджетіңізді есептеп, әр айдың басында өзіңізге жұмсай алатын сома мөлшерін бөліп шығарыңыз.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!