Жыл мезгілінің көктем, күз айларында тұрғындар егістік жерлерді, бау-бақшаларды, қора-жайларды, мекемелер мен шаруашылықтар өздеріне тиесілі жерлерді қураған шөптерден, қоқыстардан тазартуға кіріседі. Сол кезде жаппай от жағу жұмыстарын бақылаусыз қалдырғаннан, от ұшқындары табиғат байлығы орман-тоғайларға тиіп өртке айналады. Өрт жануарлар әлемін, ағаштарды, сексеуілдерді, өсімдіктерді жойып, жақын орналасқан елді мекендердегі тұрғын үйлер мен құрылыстарға қауіп төндіреді. Дала және орман өрттерінің шығудың басты себебі халықтың демалу және жұмыс жасау орындарында ашық отты пайдаланудағы аңғалдықтарынан, ауылшаруашылық техникаларын пайдалануда өрт қауіпсіздігі ереже талаптарын бұзу салдарынан орын алып отыр.
Сондықтан қарапайым өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар:
– ашық отты пайдаланғанда бақылаусыз қалдырмай, оны жасөспірім балаға сеніп тапсырмаңыз;
– табиғатқа демалысқа шығып ашық отты пайдаланып оның шоқтарын толық сөндіріп, су сеуіп, көміп кету керек;
– далалық жерлерде егіс алқаптарын дайындау кезінде бей-берекет от қойып, жер аршу-тазалау мақсатында пайдаланбаңыз;
– автокөліктер мен ауылшаруашылық техникаларын пайдалану кезінде де өрт қауіпсіздігін сақтап, олардың қозғалтқыштарынан от ұшқындарын ұстап қалатын қорғағыштар орнату керек;
– әр жерге темекі шегуге жол бермей, оған арнайы орын бекітіп оның сөндірілуін бақылау қажет;
– өрт қауіпсіздік ара-қашықтық жерлері уақытылы жыртылып тұру керек.
Құрметті аудан тұрғындары!
Көктемгі, жазғы маусымдарда өрт қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар! Құрғақ әрі ыстық ауа райы кезінде өрт шығу қауіпі ұлғая түседі. Кішкене от ұшқыны, өшірілмеген сіріңке мен темекі тұқылдары өртке әкеліп соқтыруы мүмкін.
Өрттің алдын-алу мақсатында төмендегі шаралардың орындалуын ұсынамыз:
- ауладағы күл-қоқысты өртеу кезінде отты бақылаусыз қалдырмаңыздар;
- желді күні от жақпаңыздар;
- өртеу кезінде ғимарат пен құрылыстан 50 м ара-қашықтықты сақтаңыздар;
- қоқыстарды өртеуді жасөспірімге сеніп тапсырмаңыздар;
Өрт болған жағдайда дабыл дыбысын беру арқылы өрт болған жерге жиналып, өрт күш алып кетпес үшін қолда бар құрал-саймандармен өрт сөндірушілер келгенше ұйымдасқан түрде сөндіруге кірісіңіздер.
Естеріңізде болсын! Егерде Сіздерге қауіп төнген жағдайда, Сізге көмек қажет болса «112», «101» Құтқару қызметі телефон нөміріне хабарласыңыз.
Құрметті аудан тұрғындары! Жоғарыда аталған ережелерді сақтаңыздар. Сонымен қатар Жалағаш ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінде 31-2-07 сенім телефоны жұмыс жасайтынын ескертеміз.
Жалағаш ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!