Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

13°C

, Бейсенбі, 28 наурыз, 16:12

Қаламгерлер арасында республикалық турнир басталды

18.06.2022

502

0

Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен Қызылорда облысы әкімінің Кубогы үшін қаламгерлер арасында шағын футболдан республикалық турнир басталды.
Турнирдің ашылу салтанатына қала әкімі Асылбек Шаменов арнайы қатысып, командаларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, “Түркістан”телеарнасының директоры Жанахмет Ағыбаев турнирді ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.
Додада Нұр-Сұлтан, Алматы, Талдықорған, Шымкент қалалары мен Жамбыл, Түркістан облыстарынан барлығы 9 команда бақтарын сынауда.
⚽️ «Қарекет» командасы – Талдықорған қаласы

⚽️ «Хабар» командасы – Нұр-Сұлтан қаласы

⚽️ «Экспресс-К» командасы – Нұр-Сұлтан қаласы

⚽️ «Алматы» командасы – Алматы қаласы

⚽️ «Тараз-Пресс» командасы – Жамбыл облысы

⚽️«Шымкент» командасы – Шымкент қаласы

⚽️ «Түркістан ТВ» командасы – Түркістан облысы

⚽️ «Ақмешіт» командасы – Қызылорда қаласы

⚽️ «Қаламгер» командасы – Қызылорда қаласы
Командаларға сəттілік тілейміз!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: