Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

29°C

, Сәрсенбі, 29 сәуiр, 16:23

Қамшыбек Ташиевке Қырғызстанда мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді деген айып тағылды

29.04.2026

4

0

Қырғызстанда бұрынғы жоғары лауазымды үш шенеунік – ҰҚК-нің экс-төрағасы Қамшыбек Ташиев, бұрынғы депутат Курманкул Зулушев және Жогорку Кенештің экс-спикері Нурланбек Шакиев Ішкі істер министрлігінде жауап алуға шақырылды. Бұл туралы адвокат Шердор Абдыкапаров мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Оларға жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекет ретінде бағаланып отырған ауыр қылмыстық баптар бойынша айып тағылған.

Қырғызстан құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдіктілер ІІМ-нің Бас тергеу басқармасында бірнеше сағат бойы жауап беріп, кейін ведомство ғимаратынан кеткен. Ал әзірге тағылған айыптардың нақты мазмұны мен тергеу барысы ресми түрде жарияланбаған. 

Айта кетейік, ақпан айында 75 адамның Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Жогорку Кенеш төрағасына мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу туралы үндеу жолдағаны белгілі болған. Осыдан кейін елде бірқатар кадрлық өзгеріс жасалған. Қамшыбек Ташиев ҰҚК төрағасы және Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары қызметтерінен босатылып, ҰҚК құрылымында қайта ұйымдастыру жүргізілген. Сондай-ақ бірнеше жоғары лауазымды шенеунік қызметінен айырылып, Нурланбек Шакиев Жогорку Кенеш төрағасы қызметінен кетіп, депутаттық мандатын тапсырған. Курманкул Зулушев те депутаттық мандатынан бас тартқан.

Кейін бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, «75-тің хатына» қол қойғандардың бір бөлігі тергеу изоляторына қамалды. Оларға жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген айып тағылған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: