Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Дүйсенбі, 14 қазан, 01:49

Қандай смартфондар Қазақстанда және әлемде ең көп қолданылады?

19.09.2024

390

0

StatCounter мәліметі бойынша 2024 жылдың тамызында Apple бренді ұялы телефон нарығында ең танымал болды. Компания өнімдері әлемдік нарықтың 27,6%-ін иеленді, деп жазды Energyprom порталы.

Екінші орында Samsung – 23,6%, үздік үштікке Xiaomi қытайлық бренді кірді. Ең танымал бестікте OPPO және Vivo да бар.

Ал Қазақстанда жағдай әлемдік көрсеткішке ұқсас. Нарықта 35,6% үлеспен Apple тіркелді. Samsung екінші орынды иеленді – 23,7%. Ең танымал үштікті Xiaomi 18,9% үлесімен тұрақтады. Үздік 5-ке OPPO және Vivo кірді.

Биылғы жылдың екінші тоқсанында әлемде смартфондарды жеткізу 9%-ке 292,2 млн өнімге дейін өсті, деп атап өтті IDC.

Statista мәліметі бойынша былтыр әлемде 3,9 миллиард смартфон пайдаланушысы болған, бір жыл бұрынғы көрсеткіш 3,4 миллиард. Биыл бұл көрсеткіш 4,5 млрд-қа дейін, ал 2029 жылға қарай — 6,2 млрд пайдаланушыға дейін өседі деп болжанып отыр.

Телефондардың бағасына келетін болсақ, Қазақстанда биылғы жылдың тамыз айында телефон аппараты 10%-ке, ал смартфондар керісінше бірден 26,6%-ке арзандады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: