Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-4°C

, Сәрсенбі, 11 желтоқсан, 15:15

Қазақстан мектептерінде бұдан былай ата-аналар жиналысы өткізілмейді

08.06.2022

433

0

ҚР білім министрлігінің басшысы Асхат Аймағамбетов еліміздегі мектептерде ата-аналар жиналысының форматы өзгеріп жатқанын айтты. Оның ойынша, барлық ата-аналарды бір сыныпқа жинап, балалардың үлгерімін талқылаудың қажеті жоқ.

«Мектептерде ата-аналар жиналысын өткізу мәселесі бірнеше рет көтерілді. Өткен жылы ата-аналар жиналысын өткізудің жаңа форматына көшу тапсырылды. Бұрынғыдай барлық ата-аналарды сыныпқа жинап, баланың үлгерімі мен мінез-құлқын талқылаудың өажеті жоқ. Басқа ата-ананың көзінше басқа біреудің баласын талқылауға болмайды. Әрбір ата-анаға баласының үлгерімі мен мінез-құлқы туралы ақпарат берілуі керек. Әрине, сіздің көзіңізше баласының үлгерімін талқылайтындықтан оның ата-анасы мектеп жиналыстарына келгісі келмейді», – деді министр.

Аймағамбетов мұғалімдердің ата-аналарға балаларының қай пәнге көбірек қызығатыны және одан әрі нені оқуы керектігі туралы бөлек хабарлауы керектігін айтты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: