Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

12°C

, Сенбі, 27 сәуiр, 04:42

Қазақстанда алдағы жылдары оқу ақысы қымбаттайды

06.01.2023

330

0

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек министрліктің кеңейтілген алқа отырысында 2025 жылдан бастап елімізде оқу ақысы қымбаттайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

«Бюджеттегі тиісті қаржы көлемін ескеру керек. Біз біртіндеп грант құнын арттырамыз. Себебі, жоғары оқу орындары стипендия мен оқытушылардың жалақысын өсіруге мүмкіндік берілуге тиіс. Екіншіден, барлық студенттің халықаралық цифрлық кітапханаларға тегін қосылуына жағдай жасау қажет. Бұл білім алу үшін маңызды», – деді министр.

Бұнымен қоса, Саясат Нұрбек өткен жылы үш университет Times Higher Education рейтингіне енгенін, шетелде қазақстандық жоғары оқу орнының 3 филиалы ашылғанын атап өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: