Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

9°C

, Сенбі, 01 қазан, 22:53

Қазақстандықтар үйленуге асығар емес: Неке қиған жұптар саны бір жылда 15%-ға азайып кеткен

12.09.2022

1040

0

2022 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстанда 55,1 мың жұп отбасы атанды. Көрсеткіш бір жыл бұрынғыдан 15,2%-ға азайған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ranking.kz порталының мәліметінше, қалаларда некеге тұру саны бір жылда 5%-ға, яғни 42,6 мыңға дейін, ал ауылдық жерлерде бірден 38,1%-ға, яғни 12,5 мыңға дейін азайған. 

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында ажырасқандар саны 9 мыңға жеткен, дегенмен бұл бір жыл бұрынғыдан 5 пайызға аз көрсеткіш. Қалаларда ажырасқандар саны жылына 3,1%-ға, яғни 7,1 мыңға дейін, ауылдық жерлерде 11,8%-ға, яғни 1,9 мыңға дейін азайған.

«Өңірлік тұрғыдан алғанда, неке қиғандар саны Алматыда көп тіркелді: 7,1 мың неке, бұл – бір жыл бұрынғыдан 14,7%-ға аз. Сондай-ақ халқы тығыз орналасқан Түркістан (6 мың неке, бір жыл бұрынғыдан 16,9% аз) және Алматы (5,6 мың, бір жыл бұрынғыдан 17,1% аз) облыстары да алдыңғы үштікте тұр. Неке қиғандар саны Солтүстік Қазақстан облысында аз тіркелген: небәрі 1,5 мың, бұл бір жыл бұрынғыдан 2,6% көп», – дейді сарапшылар.

Ажырасқандар саны бойынша тағы да Алматы қаласы (1,2 мың) алда тұр. Сондай-ақ Алматы (1 мың) және Қарағанды ​​(937) облыстарында ажырасқандар саны көп тіркелген. Ажырасқандардың ең аз саны Қызылорда облысында: небәрі 201 тіркелген.

«Елімізде неке қию көрсеткіші әр 1000 адамға шаққанда 6,89-дан 5,77-ге дейін төмендеді. Ең жоғары көрсеткіш елордада тіркелді: әр 1000 адамға 7,99. Үздік үштікке Алматы қаласы мен Атырау облысы да кірді», – делінген зерттеуде.

Ажырасу көрсеткіші әр 1000 адамға шаққанда 1-ден 0,94-ке дейін төмендеді. Өңірлік тұрғыдан Павлодар, Қарағанды ​​және Ақмола облыстарында ажырасқандар саны көп екені анықталды.

Айта кетсек, Қазақстанда сот шешімі негізінде некені бұзуды тіркеу рәсімі автоматтандырылды. Әділет министрлігінің ақпараттық жүйесіне мәлімет автоматты түрде келіп түседі және неке қию туралы акт жазбасында оның бұзылғаны туралы белгі қойылады.

Сондай-ақ, некені тіркеу мерзімі екі есе қысқартылды. Енді өтініш берген 15 күннен соң жұбайлар куәліктерін қолына ала алады. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: