Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

16°C

, Бейсенбі, 02 мамыр, 02:54

Қоғамдағы әкелердің рөлі

13.10.2022

697

0

Әр отбасындағы әкенің рөлі ерекше. Әке — отбасының асыраушысы, отбасы мүшесінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез – құлқы, өзгелермен қарым – қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. «Әке — асқар тау», «Әке — бәйтерек» деген мақалдар әкенің беделін көрсетеді. «Әке балаға сыншы» дейді халқымыз. Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен ақылдасады. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуында, қоғамдағы өз орнын дұрыс таба білуінде әкенің атқаратын еңбегі ерекше. «Бір бала бар әкеге жете туар, бір бала бар атадан өте туар, бір бала бар атадан кері туар» деген халқымызда дана сөз бар. Осы орайда, бүгін Мақпалкөл ауылдық округінде «Қоғамдағы әкелердің рөлі» тақырыбында кездесу өтті.


Келелі кездесудің негізгі мақсаты – отбасындағы әке мен ер азаматтың ролінің мәнін ұғындыру, әрбір тұлғаны тәрбиелеу туралы ой – пікірлермен бөлісу.


Кездесуге түрлі салада қызмет ететін, отбасының ұйытқысы, қоғамның құрметтісі болып жүрген азаматтар мен жас отбасын құрған әкелер қатысып, әке мен бала арасындағы тәрбиенің маңызы, қоғамдағы әкелердің белсенділігі мен рөлі жайында талқылады.

Басқосуға Мақпалкөл ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төағасы Қаржау Мұстафин, ардагер Ғани Замидинов , ауған-тәжік соғысының ардагері көп балалы әке Ғани Нұрғалиев қатысып, өз ойларын ортаға салып, ақыл-кеңестерін берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: