Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Дүйсенбі, 14 қазан, 01:44

«ҚТЖ» АҚ басқарма төрағасы Н.Сауранбаев Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келді

13.09.2024

397

0

 Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сыр өңіріне арнайы жұмыс сапарымен келген «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевпен бірге жаңғыртылған теміржол вокзалының жұмысымен танысты.

Өткен жылы «ҚТЖ» компаниясының және жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен 577 млн. теңгеге вокзалдың 1905 және 1969 жылдары салынған екі ғимараты жаңғыртылды. Қасбеті қапталып, кіреберістері ауыстырылды және шатыры жөнделді. Сумен, электрмен жабдықтау, жылыту және өрт дабылы жүйелеріне жөндеу жүргізілді. Ішкі бөлмелер әрленіп, есік-терезелер қалпына келтірілді, плитка төселді. Перрон мен жолаушылар платформасына асфальт төселіп, баспалдақтар мен пандустар монтаждалды. Вокзал маңы және ғимарат іші жарықтандырылды.

​Қызылорда вокзалы арқылы 28 пойыз өтеді. Жолаушылар ағыны тәулігіне шамамен 3900 адамды құрайды.

Председатель Правления АО «НК «КТЖ» посетил Кызылорду 1.jpg
Председатель Правления АО «НК «КТЖ» посетил Кызылорду 2.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: