Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

20°C

, Сенбі, 04 мамыр, 04:59

«Қыс-2023» республикалық оқу-жаттығуы өтеді

22.11.2023

346

0

23-24 қараша аралығында Қызылорда облысында «Қыс-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.

Оқу-жаттығу азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының қысқы кезеңдегі ықтимал төтенше жағдайларды жою бойынша іс-қимылдарға дайындығын одан әрі жетілдіру және тексеру мақсатында өткізіледі.

“Оқу-жаттығу аясында 2023 жылғы 23 қарашада сағат 12-ден 55 минут өткенде «Барлығына, назар аударыңыз!» электрсиреналары қосылатын болады. Осыған сәйкес сабырлылық сақтауларыңызды сұраймыз”,— делінген ТЖ департаментінің хабарламасында.

Оқу-жаттығуға басшылық ететін облыстық штаб мына мекен-жайға орналастырылады: Қызылорда қаласы Ә.Бөкейхан көшесі №69 мекенжайда Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінде.

Байланыс телефоны: 8 (7242) 700325, 551099.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: