Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

15°C

, Сәрсенбі, 01 мамыр, 05:55

Қызылордада 85 оқушыға «Сыр дарыны» медалі табысталды

03.06.2023

503

0

Достық үйінде халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурсында жеңімпаз атанып, аймақың абыройын асқақтатып жүрген дарынды оқушыларды марапаттау шарасы өтті.

Дарынды оқушыларды қолдау мақсатында өткізілген салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов, облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет қатысып, үздіктерді марапаттады.

«Мемлекет басшысының қолдауымен бүгінде білім саласы жаңа деңгейге көтеріліп, білімді ұрпақ қалыптастыруда оқушылар үшін барлық мүмкіндіктерге жол ашылуда. Осы орайда біздің өңірімізде де әрбір оқушының жоғары деңгейде және сапалы білім алуына лайықты қолдау жасалуда. Соның нәтижесінде бүгінде Сыр өрендері білім бәсекелерінде топ жарып, аймақ абыройын еселеуде. Атап айтар болсақ, 13 оқушы халықаралық байқауда топ жарса, 90 оқушымыз республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобаларға қатысып, жеңіс тұғырынан көрінді. Ал 2 оқушы әлемдік деңгейдегі олимпиадаға қатысуға жолдама алғандығын мақтанышпен айтуға болады», – деді Нұрымбет Аманұлы.

Жиында Халықаралық, Европалық, Евразиялық олимпиадалардың, Өмірбек Жолдасбеков атындағы математикадан және механикадан зерттеу жұмыстарының халықаралық конкурсынан және жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиада мен зерттеу жобалар конкурсының 85 жеңімпазына «Сыр дарыны» медалі мен бағалы сыйлықтар табысталды. Мұнымен қоса, 8 жеңімпаз оқушыға арнайы еліміздегі беделді жоғары оқу орындарына білім гранты сертификаты ұсынылды.

Сонымен қатар шара соңында басқарма басшысы Мейрамбек Шермағанбет осындай жетістіктердің артында қадірлі ұстаздарымыздың шәкірттеріне деген еңбегі мен толассыз шығармашылығы, ата-аналарының ыстық ықыласы тұрғандығын айтып, жеңімпаздарының ата-аналары мен жетекшілерін Алғыс хатпен марапаттады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: