Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

15°C

, Бейсенбі, 10 қазан, 19:12

Қызылордада бүйрек трансплантациясы жасалды

11.06.2024

520

0

Кеше  Қызылордада Көпбейінді облыстық ауруханада күрделі екі ота жасалды. Жиырма төрт жастағы азаматшаға 45 жастағы әпкесі донор болды. 

Реципиенттің диагнозы: терминалды бүйрек жетіспеушілігі. Ол ең алғаш 2018 жылы трансплантация жасатқан. Ол кезде ағасы донор болған. Алайда науқас пандемия кезінде COVID-19 дертіне шалдығып, бүйрек ауруын асқындырып алып, бүгін екінші мәрте жасатты. 

Отаны Көпбейінді облыстық аурухананың директоры, PhD доктор, трансплатолог Жасұлан Баймаханов, директордың хирургия жөніндегі орынбасары Ербол Серікұлы және А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының Бүйрек трансплантациясы, урология және нефрология бөлімшесінің білікті мамандары жасады. Білікті мамандар өз тәжірибесімен еліміздің барлық дәрігерлеріне онлайн шеберлік сағаты арқылы бөлісті. Операция сәтті өтті. 

Қызылорда облысында білікті мамандар артып, күрделі оталар жасалуда. Айта кету керек, бұл аймақта жасалған бесінші бүйрек трансплатациясы.

Қазір Қазақстанда донорлық органдарға бес мыңнан астам адам мұқтаж. Қызылорда облысында созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі диагнозымен 600-ден астам адам есепте тұр. Оның ішінде гемодиализде – 370 науқас. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар адамдар күн сайын гемодиализ процедурасынан өтуге мәжбүр.
Қызылорда бойынша күту тізімінде 191 пациент бар. Сонымен қатар, жыл сайын бұл ауру аймақтың шамамен 100 тұрғынында анықталады.

f1520a4c-083c-4e4a-b1db-515e599f7185.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: