Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

21°C

, Сенбі, 20 сәуiр, 03:58

Қызылордада қоқыс пен тұрмыстық қалдықтар қалай жойылып жатыр?

30.06.2022

460

0

Бүгінгі күні елді-мекендер төңірегіндегі апатты үйінділер, коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу проблемасы өзекті болып тұр.

Қызылорда облысы бойынша экология департаменті бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен заңсыз қоқыс алаңдары бойынша пресс-тур өткізді.

2018 жылдан бастап Қызылорда облысы бойынша экология департаментімен «Қазақстан Ғарыш Сапары ҰҚ» АҚ арқылы жүзеге асырылған қалдықтар орналасқан жерлерді қашықтан зондтаудың ғарыштық түсірілім қызметін пайдалану бойынша қалдық үйінділерін анықтау және оларды жою бойынша жұмыстар атқарылып келеді.

Қазіргі таңда, министрлік әрбір аймақта жүргізілген тазарту жұмыстарының нәтижесін ғарыштық мониторинг арқылы бақылап отырады.

2021 жылы «Геопортал» жүйесі бойынша Қызылорда қаласының 50 км-лік радиусы аумағында 105 рұқсатсыз қалдықтар орны анықталып, нәтижесімен анықталған заңсыз қалдықтар орындары 100 % жойылды.

Ал, 2022 жылы «Геопортал» жүйесі бойынша Қызылорда қаласының 50 км-лік радиусы аумағында 101 қалдық орны анықталды (Қызылорда қаласы – 48, қалаға қарасты округтер – 13, Сырдария ауданы – 27, Жаңақорған ауданы – 13)анықталды.

Департамент мамандары анықталған қалдықтар орындары бойынша тиісті жергілікті атқарушы орган мамандарының қатысуымен 100% анықтау жұмыстарын жүргізді.

Қазіргі таңда департаменттің жергілікті атқарушы органдармен бірлесе атқарған іс-шаралары нәтижесімен анықталған 37 заңсыз қалдықтар орны жойылып, 64 ретсіз орналасқан иесіз қалдықтар орындарын жою жұмыстары жүргізілуде.

Жыл сайын бейберекет қоқыс үйінділері азаймай тұр. Оның бір себебі, заңсыз қалдық алаңдарының пайда болуына тұрғындардың белгіленбеген орындарды қоқыстармен ластауы, қала, аудан әкімдіктері тарапынан бей-берекет орналасқан қоқыс алаңдарын жою бойынша нақты жұмыстар атқарылмауы, бақылаудың әлсіреуі болып отыр.

Сонымен қатар, стихиялық қалдықтар орындарын жоюдан бөлек, бірінші ретте заңсыз қалдық орындарының түзілуін болдырмауға бағытталған іс-шараларды жүйелі түрде жүзеге асыру болып табылады.

Қазақсан Республикасы Экологиялық кодексінің 368-бабына сәйкес тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдауға арналған арнайы жабдықталған көлік құралдарын яғни спутниктік навигациялық жүйелермен (GPS) жабдықтауға тиіс.

Осы ретте тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдауға арналған көлік құралдарын аталған талаптарға сәйкестендіре отырып, яғни аумақтағы әрбір ТҚҚ тасылмалдайтын көліктерді спутниктік навигациялық жүйелермен бақылау арқылы стихиялық қоқыс үйінділерінің түзілуіне жол берілмейтіндігін атап өтемін.

Бүгінгі күні елді мекендер төңірегінде рұқсатсыз қоқыс төккендерді анықтау және бақылау шаралары күшейтіліп, жауапты мекемелердің қатысуымен рейдтік іс-шаралар өткізілуде. Қазіргі таңда рұқсатсыз қоқыс төккендерді анықтау бойынша 5 рейдтік іс шара жүргізілді және заңдылықты бұзуға жол берген 3 тұлғаға қатысты әкімшілік шара қолданылды.

Департамент «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-мен қалдықтар орналасқан жерлерді қашықтан зондтаудың ғарыштық түсірілімі қызметі арқылы заңсыз қалдықтар орындарын анықтау бойынша тұрақты түрде бірлескен жұмыстар жүргізіп, жергілікті атқарушы органдармен бірге қалдықтар орындарын жоюға бағытталған шараларды ұдайы түрде жүзеге асыратын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: