Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

16°C

, Сәрсенбі, 22 мамыр, 04:56

Қызылордалықтар әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 40,8 млрд теңге аударды

09.11.2022

245

0

Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2022 жылдың 1 қарашасына дейінгі аралықта Қызылорда облысында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 40,8 млрд. теңге аударды. 

Оның 25,8 млрд. теңгесі (63,2%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 15,0 млрд. теңге (36,8%) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов мәлемдеді. 

Жарна төлеу жағынан Қызылорда қаласы, Шиелі мен Жанақорған аудандар көш бастап тұр.
Жинақталған қаржы сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген Ұлттық банкте сақталады және МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалуда. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: