Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:22

ШТАБ МҮШЕЛЕРІМЕН ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

24.06.2022

319

0

Мемлекет басшысының еліміздегі саяси реформаларды іске асыруда халықтың талап-тілектері ескеріліп, ел басқару ісінде ашықтық пен жариялылыққа негіз болатын референдумды өткізу туралы бастамасы халық арасынан қолдау тауып, референдум жоғары деңгейде өтті.

Референдумды өткізуге «AMANAT» партиясының Жалағаш аудандық филиалы жанынан құрылған штаб мүшелері мен партия өкілдері белсене атсалысып, референдумды өткізудің маңыздылығы жөнінде аудан тұрғындары арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Осыған орай, бүгін «AMANAT» партиясының Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қ.Мұстафаева референдумды өткізуге белсене атсалысқан партия мүшелеріне Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың, партия Төрағасы Ерлан Қошановтың, партияның Атқарушы хатшысы Асхат Ораловтың, облыстық филалдың атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешованың алғыс хаттарын табыстады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: