Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:38

Сіздің еңбегіңіз жастарға үлгі

12.10.2022

467

0

Табысты адамдардың еңбек жолы жастарға қашан да үлгі. Өмір мектебінде кейінгі жасқа бағыт-бағдар болып, ақыл-кеңестерін айтып жүрген жандардың қоғамда алар орны ерек екені анық. Олардың бейнетке толы өмір жолы – бүгінгі ұрпаққа өнеге, тәлім-тәрбие.


«Сіздің еңбегіңіз жастарға үлгі» тақырыбындағы өткізілген кездесудің негізгі мақсаты – ардагерлер жолын жастарға үлгі ету, үлкендер әңгімесінің мәнін ұғына білуді, үлкендерді сыйлауды, құрметтеуді, ерен еңбегімен ел есінде қалған жерлестер есімін келешек ұрпаққа ұмыттырмау, еңбектерін насихаттау.
Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосқан, қазіргі таңда бейнеттің зейнетін көріп жатқан Ақсу ауылдық округіндегі еңбек ардагерлерімен жастардың кездесуі өткізілді. Еңбек адамының екі дүркін Бюро мүшесі, ауыл комитетінің төрайымы Ержанова Мариямкүл, механизатор, комбайнер Барпаяқов Көлбай, күрішші Есназаров Өтеген, озат сауыншы, батыр ана Әлмаханова Гүлзағира, тыл ардагері Шілдебаева Зағипа сынды ардагерлеріміз еңбектері ерен.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: