Қазіргі таңда қоғам өмірінің барлық саласында цифрлық технологиялар кеңінен енгізілуде. Бұл үрдіс сот жүйесін де айналып өткен жоқ. Сот қызметін цифрландыру – халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға, сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі.
Бүгінде сот жүйесінде заманауи ақпараттық технологиялар кеңінен қолданылуда. Электронды сот кабинеті арқылы азаматтар талап қоюларын онлайн түрде жолдап, сот отырыстарының уақытын біліп, қажетті сот құжаттарын электронды форматта ала алады. Бұл өз кезегінде уақытты үнемдеуге және қағазбастылықты азайтуға мүмкіндік береді.
Сот процестерін аудио-бейне жазу жүйесі арқылы тіркеу сот отырыстарының ашықтығын қамтамасыз етіп, тараптардың құқықтарын қорғауға ықпал етеді. Сонымен қатар, бейнеконференцбайланыс арқылы сот отырыстарын өткізу шалғай елді мекендердегі азаматтардың сотқа қатысуын жеңілдетті.
Соттағы талаптың қозғалысы туралы, тараптардың сотқа өткізген құжаттарыменде жалпы іс материалдарыменде тараптар онлайн түрде таныса алады.
Цифрландыру сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге де оң әсерін тигізуде. Себебі көптеген қызмет түрлері автоматтандырылып, адам факторын азайтуға мүмкіндік жасалды.
Электронды құжат айналымы сот құжаттарының жедел әрі нақты орындалуын қамтамасыз етеді.
Сот саласындағы жаңашылдықтардың бірі – жасанды интеллект элементтерін енгізу мәселесі. Бұл болашақта сот тәжірибесін талдау, құжаттарды жүйелеу және азаматтарға құқықтық ақпарат беруді одан әрі жетілдіруге ықпал етеді.
Сонымен бірге бүгінгі күні ұялы телефонға оңай орнатып алуға болатын Қазақстан Республикасы Сот органдарының порталы жүйесі қолданысқа енгізілді сол порталға кіру арқылы сот жүйесіндегі жаңалықтарды, істерді тыңдау кестелерін, азаматтың өзіне қатысты жүргізіліп жатқан немесе өзі берген талабы бойынша істердің қозғалысы туралы ақпаратты, хабарландырулармен танысу, істер мен материалдарды тексеру және соттан шыққан құжаттарды айркодпен тексеру мүмкіндіктері қарастырылған, өте ыңғайлы әрі оңай жүйе.
Қорыта айтқанда, сот қызметін цифрландыру – әділ сот төрелігін қамтамасыз етудің тиімді тетігі. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттыруға қызмет ететін болады.
Жалағаш аудандық сотының сот әкімшісің басшысы А.Алтынбаев
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!