Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

26°C

, Дүйсенбі, 22 шiлде, 01:31

Париж-2024: Ең көп жолдама – боксшыларда

25.06.2024

418

0

XXXIII жазғы Олимпиада ойындары – Қазақстанның тәуелсіз ел ретінде қатысқалы отырған сегізінші жазғы Олимпиадасы болмақ, деп жазады Egemen.kz

Әзірше Қазақстаннан 70 спортшыда 80 лицензия бар, жазғы ойындарға 45 спортшы бірінші рет қатысады. 

Жолдаманың ең көбін боксшыларымыз (10 лицензия) жеңіп алған.

Париж-2024-ке баратындардың ішінде ең тәжірибелісі — 31 жастағы Владислав Яковлев (академиялық ескек есу), ол 2012 жылғы Лондон Олимпиадасынан бері тұрақты түрде қатысып келеді. 

Бұған дейін жүлде алғандар: Токио Олимпиадасының қола жүлдегерлері Сәкен Бибосынов пен Қамшыбек Қоңқабаев.

Ең көп жүлде иегері Елдос Сметов – Рио және Токио Олимпиадаларында жүлдегер болған.

17 жастағы Батырхан Төлеуғали (таеквондо) ең жас спортшы болса, ең егде спортшы – 37 жастағы Эльмир Әлімжанов (семсерлесу).

Олимпиаданың іріктеу кезеңдері әлі мәресіне жеткен жоқ.

Естеріңізге салайық, XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде – 11 тамыз аралығында өтеді. Оған 205 елден 10 500 спортшы қатысады деп жоспарланған. Онда 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: