Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

26°C

, Сәрсенбі, 24 сәуiр, 10:25

Қамшыбек Қоңқабаев қарсыласын нокаутпен жеңді

23.02.2023

404

0

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаевтың Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан Страндж кубогындағы келесі қарсыласы анықталды.

Қамшыбек Қоңқабаев Токио Олимпиадасында қола медаль жеңген еді. Енді отандасымыз кіші әлем чемпионатында 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Өзбекстан боксшысы, Олимпиада чемпионы Баходир Джалоловпен жұдырықтасады. 

Ширек финалдың жекпе-жегі 23 ақпанда кешкі сессия аясында өтеді. 

Бұған дейін Қоңқабаев нидерландтық қарсыласы Стэн Бертенсті екінші раундта нокаутпен жеңген еді. Ал Джалолов америкалық Джошуа Эдвардстан басым түсті. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: